Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

САДЫБЕКОВА АНАР ЖҰМАСИЯҚЫЗЫ

Автор: admin от 21-11-2023, 23:56, посмотрело: 12

0

САДЫБЕКОВА АНАР ЖҰМАСИЯҚЫЗЫ

 

САДЫБЕКОВА АНАР ЖҰМАСИЯҚЫЗЫ

 

Садыбекова Анар Жұмасияқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, педагогика ғылымдарының магистрі, 1967 жылы 15 қараша күні Семей облысының Абай ауданы, Қарауыл ауылына дүниеге келдім.

1974-1984 жылдары Абай атындағы мектепте оқыдым.

1984-1989 жылдар Украина Республикасындағы Н.В.Гоголь атындағы Нежин мемлекеттік педагогикалық институтында оқып, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша диплом алдым.

1989 жылдан бастап Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінде орыс тілінен сабақ бердім.

2008 жылдан-2020 жылдың 10 желтоқсанына дейін «Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

2020 жылы 10 желтоқсанда «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директорының міндетін атқарушы.

2021 жылдың 25 наурызынан «Жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры.

Марапаттарым:

2007 жылы облыстық «Үздік орыс тілі мен әдебиеті» сайысында ІІІ орынға ие болдым.

2011 жылы облыстық «Үздік портфолио» сайысында ІІІ орынды иелендім.

2014 жылы І (ілгері) деңгей бойынша сертификатталдым.

2016 жылы «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының «Алғыс хатын» алдым.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2020 жылы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының ерекше еңбегі үшін» төсбелгісімен, 2021 жылы «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.

2020 жылы «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Д.К.Ахметовтың «Алғыс хаты».

2021 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқаным үшін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбектің «Алғыс хатын», Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының «Құрмет грамотасы, Абай ауданы білім бөлімінің «Алғыс хаты»,

2022 жылы «АMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың «Алғыс хатын» алдым.

2022 жылы қазан айында Абай облысы мәслихатының төрағасы Қ.Сүлейменовтың «Алғыс хаты»,

2023 жылы іс-тәжірибеммен бөліскенім үшін облыстық, республикалық «Назарбаев зияткерлік мектептер» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының «Алғыс хаты»

2023 жылы ҚР Оқу –ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин Ұлттық білім академиясы 14 сәуірде ұйымдастырған республикалық, 06-10 қазан аралығында халықаралық конференцияда іс-тәжірибеммен бөлісіп, 17 қазан күні халықаралық дөңгелек үстелге қатыстым.

 

Категория: Мектеп әкімшілігі

 
 

[available=main] redvid esle [/available]